Аударма бюросы
Аударма бюросы
Ресей, Москва,
ul. Bolşaya Molçanovka, 34 b. 25
+7 495 504-71-35 9-30-дан 17-30-ға дейін
info@flarus.ru | Байланыс
Аудармалар үшін прайс-беттер
Компанияның презентациясы

Аударма құны Біздің аудармашыларымыз
Тіл иесі жасайтын пруфридинг Мамандану

Компанияның сайтын қазақ тіліне аудару



Біздің компаниямызда 200-ден астам веб-сайт аударылған, сондықтан бұл мақалада тәжірибемен және кейбір кеңестермен бөліскіміз келді.

Сайтыңызды аударуға тапсырыс беруден бұрын...

1. Сайтыңызды аударғыңыз келетін тілді немесе тілдерді айқындаңыз.

2. Сіздің интернет-сайтыңыз жұмыс істейтін техникалық платформаны (CMS-жүйені) сайттың тілдік нұсқаларын қолдау мүмкіндіктерін бағалаңыз.

3. Веб-сайт немесе дерекқор контентін форматы редакцияланатын (xls, doc) мәтіндік файлға экспорттаңыз. Экспортталған файлда аударылған мәтінмен одан әрі жұмыс істеуге арналған белгілер сақталу үшін бағдарламашыны қатыстыруға тура келеді.

Біз интернет пайдаланушыларына авторизациясыз қолжетімді, сайттың барлық бетін автоматты айқындап, тек ашық http хаттамалары үшін ғана сайттың барлық бетінің мәтінін экспорттай аламыз және осы ақпаратқа сүйене отырып, аударма құнын есептей аламыз. Жиі қорғалған https хаттамасы арқылы жұмыс істейтін сайттар үшін сайт мәтіндерін қолмен көшіру нұсқасы ғана қолжетімді. Бұл бет саны көп немесе динамикалық контенті бар сайттар үшін қолданылмайды.

Егер белгіленген сұрақтарға жауаптарыңыз болса, сайт аудармасына тапсырыс бере аласыз. Ол үшін электронды пошта арқылы бюро менеджеріне аударма бағасы мен мерзімін есептеу үшін сайт контентін жіберіңіз. Сайт аудармасына тапсырыс беру

Одан әрі оқымай қойсаңыз да болады, біз Сізден аударма бағасы мен мерзімін есептеу үшін мәтінді күтеміз. Алайда, сайтты аудару кезеңдері мен ерекшеліктерін түсінгісі келетіндер үшін мақаланы соңына дейін оқып, дұрыс аудару үшін қажетті бірнеше нақтылаушы сұрақтарға жауап беруді ұсынамыз.

1. Сайт контентін басқару үшін пайдаланылатын CMS жүйесінің түрін және аудармашылардың онымен өзара іс-қимыл жасау тәсілін айқындаңыз.

2. Беттердің мәтінін экспорттау үшін және аударманы импорттау үшін сайттың дерекқорына тікелей қолжетімдіктің болу мүмкіндігін нақтылаңыз. Көптеген қазіргі заманғы сайттар бір немесе бірнеше бір үлгілі SQL дерекқорларын пайдаланады: mSQL, MySQL. Компанияның әр веб-мастері және жүйелік әкімшісі жақтық аудармашылар үшін осындай қолжетімдік бере бермейді, сондықтан бұл мәселе біздің аудармашылар мен редакторларымыздың Сізбен нақты өзара іс-қимыл жасауы үшін өте маңызды.

3. Егер "қазіргідей" кодпен жұмыс істеуге тура келсе, онда қандай басқарушы командалар немесе белгілеу тілдері пайдаланылады. Көбінесе сайттарда XML пайдаланылады. Аудармада біз барлық басқарушы командалар мен символдарды өзгеріссіз қалдырамыз.

4. Егер аударылған сайт аудиториясы шетелдіктерден құралса (тәжірибеде осылай да болады), онда сайт мәтінін тексеру және оқып шығу үшін, сайтты аударатын тілде сөйлеушіні қатыстыруды (яғни оған төлеуді) ұсынамыз. Себебі, аударылған мәтіндерді беттеу және веб-сайтты белгілеу кезінде мәтінді форматтауда және кейбір сөздер, сөз тіркестері мен белгілерді көрсетуде қиындықтар туындауы мүмкін. Сайттың дұрыс көрсетілуін тек "кешенді" ғана тексеруге болады. Біз сайтты шетел тілінде беттеу және көрсету кезінде туындайтын көптеген проблемалармен таныспыз. Сайтта мәтіннің дұрыс көрсетілуін тексеру үшін көп уақыт және үлкен бюджет қажет емес. Мәтінді оқып шығу қызметі қымбат емес, ал нәтижесі - тамаша.

5. Сондай-ақ, біз ағылшын және өзге шетел тілдерінде жарнамалық кампанияларды жүргізу және сайттағы мерзімді ақпаратты (жаңалықтар, жаңартулар, мақалалар және т.б.) аудару қызметтерін ұсынамыз. Алайда бұл мәселені сайтты аударуға тапсырыс бергеннен кейін талқылаған жөн, бірақ біз мүмкіндіктерімізді алдын ала көрсету қажет деп шештік.







Біздің соңғы аудармамыз
КӘСІБИ КОМПЬЮТЕРЛІК ПОЛИГРАФ - БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ.

Аударма жұмысқа берілген: 74
Бюро жұмысы толық: 61%

Аударма құнын on-line бағалау

Бастапқы тіл:


Аударылатын тіл:


Мәтіннің көлемі:




Аударма құны:
450,00 руб

Аудармаға тапсырыс беру




Аударма бюросы Flarus

Аударма құны
Тіл иесі жасайтын пруфридинг
Біздің аудармашыларымыз
Мамандану

Біздің серіктестеріміз

Аудармашылар үшін жұмыс
Орыс тілінде құттықтаулар
Бір беттік тілашар
Тақырыптық глоссарий
Тегін аударма шаблондары



Аударма бюросы Flarus
© 2001-2024

Байланыс

Ресей, Москва,
ul. Bolşaya Molçanovka, 34 b. 25
Келу жолының схемасы

Телефон:
+7 495 504-71-35

Аудармаға тапсырыс беру: info@flarus.ru